Талдықорғанда Орталық Азия елдерінің халықаралық фестивалі өтеді

/uploads/thumbnail/20181024154343067_small.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен,  Қазақстан Театрлары ассоциациясы 2017 жылдың 30 қазан – 6 қараша айлары аралығында Талдықорған қаласында Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Фестивальге бақ сынауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Түркия  елдерінің театрлары қатысады.

Фестиваль Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы әріптестікті нығайту, театр өнерін дамыту және осы сала мамандарын шығармашылық бастамаларға ынталандыру, сондай-ақ, жұртшылықтың назарын театр үрдісінің жаңа, заманауи үлгілеріне аудару мақсатында өткізіледі.

Жоғарыда аталған 7 мемлекеттің бас театрлары қатысатын фестиваль аясында жалпы көлемде 12 қойылым көрермен назарына ұсынылатын болады. Айта кетейік, аталмыш фестиваль Бекен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жаңа және ескі ғимаратында өтеді. Қойылымдарды Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады.




Оставить комментарий

Связанные Статьи