Денис Теннің өлімі жайлы жазған мұғалім 4 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20180721110454652_small.jpg

Батыс Қазақстан облысындағы Белес ауылының тұрғыны, физика пәнінің мұғалімі Шерхан Байзенов Денис Теннің өлімі жайлы жазған жазбасы үшін 4 жылға сотталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталының мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байзенов ҚР ҚК 174-бабының 1 бөлімі – Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни алауыздықты тудыру немесе насихаттау бойынша айыпты деп танылды.

♦Денис Тен қайтыс болды

«Байзеновке 4 жылға шартты жазаға кесу туралы жаза тағайындалды. Байзенов әлеуметтік желідегі парақшасына ұлттық өшпенділікті насихаттайтын жазба қалдырған. Ол сотта өз кінәсін толық мойындады. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, Байзенов кінәсін толық мойындады», - деп хабарлады Орал қалалық сотының судьясы Қайрат Өтешов.

Шерхан Байзенов

Сот Байзеновке тағайындалған жазаның себебін де түсіндіріп өтті.

«Байзенов бұдан бұрын сотты болмаған, жергілікті тұрғындар оны жақсы жағынан сипаттайды, әрі азамат өз кінәсін мойындады, отбасылық жағдайы да бар. Осы жағдайларды ескерген сот ең жеңіл жазаны қолданды», - деп пікір білдірді Өтешов.

♦Денис Тенді өлтірді деген күдікті ұсталды

♦Денис Тенді өлтірген екінші күдіктінің сипаттамасы пайда болды

♦Денис Тенді өлтірді деген күдікті қылмысын қалай іске асырғанын айтып берді

Айта кетейік, Байзеновтің әлеуметтік желідегі жазбасы жұрттың наразылығын тудырған. Мұғалімнің үстінен шағым түсіргендердің қарасы көбейді. Ол сабақ беретін мектептегі оқушылардың ата-аналарына дейін шағымданып, балаларына «ондай мұғалімнің сабақ бергенін қаламайтынын» жеткізді. Бұл жағдайлардан кейін Байзенов мектеп директорына кіріп, жұмыстан шығу туралы арыз жазыпты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи