Оскардан садаға кетсін «Келін». Мұндай фильмдерді Оскар босағасынан сығалатпайды. «Келіні» де, «Шалы» да қазақты қорлайтын фильмдер. Ермектің киносына түспек түгілі, «Сен қазақ емессің, қазақтан өшін ала алмай жүрген жаусың!» деп бетіне айтқам. Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан мінезін, болмысын кері айналдырып береді. Мысалы, «Шалда» шал адасып кетеді. Туған ауылында адасқан қай қазақты көрдің? Жылқының табиғатын білмейді. Тізгінді бос ұстап, атты жіберіп қойсаң, ол үйін өзі-ақ тауып келеді. Құртымтай баланың атын Шайтанбек деп қояды. Қай қазақ немересін Шайтанбек дейді? Сайда құлап жатқан атасын немересі аттың үстіне қалай мінгізді? Ағаш шана тауып, соның үстіне жатқызып әкелсе сенуге болар еді. Оның бар ойы – шетелге апарып қазақты мазақ ету. Жанна Исабаева деген де солай, режиссер емес.
Белгілі актер Нұржұман Ықтымбаевтің "Ақ желкен" журналына берген сұхбатынан