Жарқын өмір кепілі

/uploads/thumbnail/20170708174135123_small.jpg

Еліміздің саяси өмірінде зор серпіліс әкеліп, миллиондаған қазақстандықтардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатқан Елбасы Жолдауын халқымыздың жыл сайын асыға күтетіні белгілі. Елбасы Жолдауы ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап берген тарихи құжат болып еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне жол көрсеткен жасампаздықтың жаршысы. Қазақстан халқына жол тартқан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы ел күткен еңселі нысаналарды белгілеуімен ерекшеленеді.

Сыртқы ахуал күрделі болып тұрған қазіргі кезеңде шешілуі тиіс міндеттерді күнілгері белгілеу қажеттілігінен ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап берген Елбасының биылғы Жолдауы қазақстандықтардың өмірі мен әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған үлкен көрегендіктің белгісі.

Тарихи дамудың түбегейлі мақсаты – адам, оның өсіп-өнуі, гүлденуі, дамуы, жан-жақты жетілуіне жол ашу болса, Отанымыздың жетістіктері – әрбір қазақстандықтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана тұрақты экономикалық өсуімен, бейбітшілікті тұрақтандырумен айналысады.

Мемлекет басшысы елімізде азаматтар арасында өзара сенімді нығайту, сондай жолмен ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылық пен бейбітшілікті күн сайынғы еңбекпен қорғап нығайту қажеттілігін айтқан. Бұл жолғы жолдау сонысымен айырықша маңызды. Жолдауда айтылған тағы бір өзекті мәселе – тұрғын үймен қамту. Жолдауда алдағы уақытта мемлекет әлеуметтік жалдамалық үйлер салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға берілетіні айтылған. Бұл халықтың көптен бері көкейінде жүрген күрделі мәселелердің бірі. Қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша осы күнге дейін тек бақуатты және тұрмысы орта отбасылар үй сатып алған болса, енді ипотекалық несиелердің пайыздық мөлшерлемесі төмендетіліп берілетіні әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген адамдардың, әсіресе жастардың, жас отбасылардың баспаналы болуына айрықша септігін тигізеді.

«Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз», - деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. «Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау – барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» делінген жолдауда. Бұл Жаңа экономикалық Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазақстандық әрбір азаматқа, әсіресе жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жолдау жастар екі қолды сыбанып, аянбай тер төгіп еңбек етуге шақырып, еліміздің болашағын өркендетуге өз үлестерін қосуға шабыттандырады.

Связанные Статьи