Қазақ ұлтының аты-жөнін реттейтін заң керек

/uploads/thumbnail/20170708174137424_small.jpg

Осы жылы аталып жатқан Қазақ хандығының мерейтойы мемлекет жүргізіп жатқан ұлттандыру саясатының амалы деп сенгім келеді. Түрлі шаралар, маңызды оқиғалар өткізілуде. Халық арасынан шығып жатқан бастамаларға да құлақ түріп жатыр билік. Осыған орай, менің де бір ұсыныс тастағым келеді, зор маңызды ұсынысты. Бұл ұсыныс - қазақ ұлтты азаматтардың аты-жөнін реттейтін заң қабылдау. Дәлірек айтқанда, бұл заң мына пункттерді қарастыру керек: - жаңадан туған сәбилерге, не жеке бас куәлігін алғанда азаматардың тегіне «-ов, -ова», «-ев, -ева», «-ин, -ина» жалғауларын жалғамау; - тек ретінде ата-бабасының есімін өз күйінде, не «-тегі» жалғауы арқылы қолдану; немесе баяғы норма бойынша аты мен әкесінің атын жазу (Абай Құнанбайұлы, Дина Нұрпейісқызы); - есімдерді дұрыс қалпында, грамматикалық нормалар бойынша жазу («Мөлдір» есімінің транскрипцияға байланысты бірнеше түрі бар, Молдир, Мольдер, Молдыр деген сияқты). Аталған ұсыныстар жаңа туылған сәбилерге, куәлік берілетін тұлғаларға міндетті түрде және аты-жөнін өз қалауынша ауыстырғысы келгендерге қатысты болу керек. Қолдасаңыздар, әрекет жасап көрелік! Нұрсұлтан Бағидолла, Facebook парақшасынан

Связанные Статьи