«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде бастау алды

/uploads/thumbnail/20181102113252651_small.jpg

Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты акция басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бородулиха ауданының тілдерді дамыту басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясы бірлесіп «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты конкурсты бастап, мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету жолында бірнеше іс-шара ұйымдастырды.

Мемлекеттік тіл сайысы

Конкурстың салтанатты ашылу рәсімі Мәдениет үйінде өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясының секретариат меңгерушісі Асқар Нұрғазиев пен «Нұр Отан» партиясының Бородулиха ауданындағы бөлімшесінің төрағасы Сәуле Урашева қатысты.

Риддер, Өскемен, Курчатов жастары интеллектуалдық шоуында қазақ тілін еркін меңгергенін көрсетті. Бәйге 3 бөлімнен тұрды. Қазылар алқасына шешім қабылдау қиынға соқты. Себебі бұл бәйгеде барлық қатысушылар мемлекеттік тілді еркін меңгергендерін көрсете білді.

Шемонаиха ауданы тұрғыны Елена Пикунова үшінші орын алды. Екінші орынды Екатерина Бейсембаева алды. Ол да Шемонаиха ауданы тұрғыны. Индира Бельская үшінші орынды қанжығасына байлады. Қазылар алқасы бір ауыздан гран-приді Ангелина Бубновоға берді. Ангелина Өскемендегі колледждердің бірінде оқиды.

Аталмыш бәйгемен қатар мемлекеттік органдар мен акция қатысушыларына «Ана тілі – жүрек үні» атты қазақ тілінен сабақ өткізілді.

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы Мәдениет үйіндегі концертпен аяқталды. Акцияның салтанатты жабылу салтанатында үздік қатысушылар марапатталды.

Связанные Статьи