Атырауда қарттар күні аталып өтілді

/uploads/thumbnail/20181105154111364_small.jpg

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қарттарға және мүгедектерге арналған қайырымдылық түскі асы берілді.
Бүгін облыстық қарттар мен мүгедектер үйінде қарттар күні атап өтілді. Қазіргі уақытта мұнда 103 адам тұрады: 1 және 2 топтағы 57 мүгедек жандар, қалған 46 - мемлекет қамқорлығындағы қарт адамдар.
- Екінші жыл қатарынан біздің әлеуметтік мекемеде тұратын адамдардың саны бірдей деңгейде - қарт адамдар мен зейнеткерлер көбеймейді әрі азаймайды. Қаламызда бей-жай қалдырмай, демеушілік көмек көрсетіп, қажет нәрселердің бәрін алып беріп жатырған тұрғындардың барына қуаныштымын. Жергілікті билік органдары да бұл істі тыс қалдырмай сый-құрмет сыйлайтын болады,- дейді Қарттар және мүгедектер үйінің директоры Қилымқас Күзембаева.
Тұрғындар әлеуметтік мекемесін құттықтауға Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы келді. Қала басшысы науқастарға ,ескі тұрғындарға сыйлық ұсынды және халықаралық мерекеге орай ұйымдастырылған қайырымдылық түскі асқа қатысты.
- Қазақстанда әрқашан да қарт адамдар құрметке ие. Сіздерді осы маңызды күнмен құттықтағым келеді. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін, - деді Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы. 
Айта кетейік, Атырау облысында 60 жастан асқан 50 мыңнан астам адам тұрады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи