2 күнде 30-дан астам жүргізуші мас күйінде ұсталды

/uploads/thumbnail/20181106182202851_small.jpg

Демалыс күндері полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі «Мас жүргізуші  – қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, –  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 722 фактісі анықталып, 30-дан астам жүргізуші мас күйінде ұсталған. Жаяу жүргіншілерге қатысты жол ережесін бұзған 84 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, 8 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра рөлге отырған. Жол жүру ережесін бұзған 160 жаяу жүргінші тіркелді.

Связанные Статьи