Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен форум өтті

/uploads/thumbnail/20181109175717512_small.jpg

Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс орналастыру мәселесін шешу мақсатында «Нұр Отан» партиясы мен «Green Tal» әлеуметтік шеберханасыны бірлесіп Астана қалалық филиалы форум ұйымдастырды. Оған 20-ға жуық әлеуметтік салада қызмет атқарып жүрген ұйымдар, бизнес құрылымдары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Дәмежан Садуақасова қатысты. Форумға келушілерге жәрмеңке де ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде  20-ға жуық әлеуметтік ұйым өздерінің жасаған бұйымдары мен заттарын қонақтардың назарына ұсынды. Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 674 мың мүгедек жан бар екен. Оның 400-і жұмыс істеуге қабілетті. Алайда қазіргі таңда оның тек отыз пайызы ғана жұмыс істейді.

Форумда Қазақстандағы әлеуметтік мәселелері көтерілді. Оларды шешу жолы талқыланып, нақты мақсаттар қойылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бес әлеуметтік бағдарламасын ұсынған еді. Биыл қазан айында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында оны жариялаған болатын. Қазіргі таңда 5 әлеуметтік бағдарлама жүзеге асу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік мекемелер барын жасауда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Дәмежан Садуақасованың нәтижелі жұмыс жасалып келеді. Мәселен, халықты, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін, кәсіп ашуға мүмкіндік ашу үшін шағын несие беру, грант беру қарастырылған.

Форум аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігі қаржы бөлмекші. Енді кез келген жұмыс беруші мемлекеттен субсидия ала алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Дәмежан Садуақасова мәлім етті.

Форумда 2018 жылы мемлекет бюджетінен жүз бес миллион бөлінгені айтылды. Соның арқасында жеті жүз жетпіс мың жұмыс орны ашылды, сәйкесінше жеті жүз жетпіс мың адам жұмыспен қамтылды. Осымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту үшін он төрт арнайы жоба жасалды. Ол арқылы жүз елу адам оқып, білім алды, жүз отыз адам жұмысқа орналасты.

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының астанасы – Астанада республика аумағында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» атты бәйге өткізілді. Бәйгеге қатысу үшін үш жүз он сегіз ұйым өтініш жазған болатын. «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» атты конкурстың жеңімпаздары алғыс хаттармен, мақтау қағазымен, сертификаттар табысталды. Арнайы сыйлық алды. «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының негізін салушы Әмин Әскеров арнайы жүлдені жеңіп алды.

«Астанада біз алғаш рет аталмыш форумды өткізіп отырмыз. Бұл бастама аясында біз мемлекеттік органдармен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бола отырып, бірлесе қоғам арасында пайда болған барлық мәселені оңай шешеміз деген үміттемін»,-дейді «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының негізін салушы Әмин Әскеров.

Республикалық деңгейде өткізілген бәйгеде түрлі саланың өкілдері өз білімдерімен, тәжірибесімен бөлісті.

Связанные Статьи