Маңғыстау облысы әкімі аппаратына жаңа басшы келді

/uploads/thumbnail/20181115161532750_small.jpg

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы тағайындалды.

Ол 1975 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Саясаттану» мамандығын, 2015 жылы КЕББМ «Алматы Менеджмент Университеті» «Іскерлік әкімшілік магистрі» мамандығын тәмамдады.

Еңбек жолын «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аға маман қызметінен бастаған.

2005 жылдың қаңтар айынан мамыр айы аралығында ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы болып істеді.

2005 жылдың мамыр айынан бастап 2009 жылдың тамыз айы аралығында Мұнайлы ауданының Маңғыстау селосы әкімінің орынбасары, кейін осы селоның әкімі кызметін атқарды.

2009–2010 жылдары Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болды.

2010-2011 жылдары Маңғыстау облысының әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы.

2011- 2013 жылдары Маңғыстау облысының Қарақия ауданы әкімінің орынбасары,

2013 жылдан 2015 жылдың шілде айына дейін Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

2014 жылдан бастап «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне 1-ші санаттың 2-ші тобының 3-кіші тобына тізімге алынды.

2015-2018 жылдары Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және Орталық «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының, Облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи