Алматыда MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ басталды

/uploads/thumbnail/20181121113001393_small.jpg

Бүгін Алматыда қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған он бірінші MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жобаның жыл сайынғы ұйымдастырушысы әрі авторы – Қазақстан Баспасөз клубы.

Бас редакторлар, басылым басшылары, сарапшылар, саясаттанушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері отандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері  жөнінде ой-пікірлерімен бөлісуде. Конференцияда ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Бекзат Рахымов, Медиа альянс басқармасының төрағасы Арманжан Байтасов, Құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова және өзге сарапшылар Қазақстан қоғамының жалпы әлеуметтік-экономикалық өмірі аясындағы медиа-нарықта бүгінгі таңда болып жатқан өзгерістерді талқыламақ.

Сонымен қатар цифрлық дәуірдегі бұқаралық медиа мәселесі де сөз болмақ. Жаппай цифрландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқан елдегі БАҚ-тың рөлі, орны қандай болмақ? Сарапшылар осы сұраққа жауап іздейді.

Қазақ тіліндегі БАҚ-ты дамыту мәселесіне де көңіл аударылады.

Осы орайда БАҚ жұмысының тиімділігіне талдау жүргізуге арналған дүниежүзі мойындаған технология – Chartbeat сервисін Қазақстанда іске қосу аясында шеберлік сабағы өтеді. Нью-Йорктен келген Chartbeat командасы қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге арналған жүйенің мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түрде көрсетіп, халықаралық басылымдардың табысты кейстерімен таныстырады.

Бұған қоса Factcheck.kz командасы фактчекингке арналған арнайы шеберлік сабағын өткізеді.

MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ дәл қазіргі уақытта орыс тілінде жүріп жатыр. Ал түскі 14:00-ден бастап қазақ тілді спикерлердің қатысуымен мемлекеттік тілде өтеді.  

Связанные Статьи