Тіл аясын кеңейтуге арналған бағдарламаның мақсаты айқын

/uploads/thumbnail/20181016145957274_small.jpg

Қазақстанда қазақ тілінің мерейін үстем ету үшін түрлі бағдарламалар қабылданып жатыр. Оның көздейтін мақсаты бір – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тіліне деген сұранысты арттыру, іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу. Қазақстан Республикасы халқының ана тілін меңгере отырып, сұранысқа қарай өзге тілді үйренуіне жағдай жасауды да көздейді. Мәселен, әлем сөйлейтін ағылшын тілін жетік меңгеруі үшін де түрлі қадамдар жасалуда.

Ақын, жазушылар, философтар тіл туралы көптеген даналық сөз қалдырып кеткен. Қай қайсысы болмасын тілді дәріптеп оның әр ұлт маңыздылығын айрықша атап өтті. Әр ұлтты оның географиялық орналасуы, дәстүрі, мәдениеті, ділі мен ана тілі айғақтайды. Әр ұлттың ана тілі оның ең басты құндылығын, елдің тұғырлы тірегі, Қазақстан халқының рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болмасын қастерлі, қасиетті, құдіретті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ана тіліміз – дүниежүзінде бар тілдердің ішіндегі  ең бай, өте әдемі тілдердің бірі әрі бірегейі. Қазақ тілінің мерейін өсіріп, қазақстандық қоғамда оның қолданыс аясын арттыру мақсатында көптеген шаралар атқарылуда.

Ол үшін Қазақстан Республикасында арнайы бағдарлама қабылданды. Яғни Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Оның мақсаты биік, аясы кең. Қазақстанда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанда оның айқын міндеттері, нақты мақсаттары, жоспарды іске асырудың уақыт шкаласы белгіленді.

Сарапшылар, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, ғылым, білімнің дамуына үлес қосатын алғы шарттарды жүзеге асыру, жаңа технологияның тілін түсініп, түрлі салада күн санап шығып жатқан маңызды жаңалық пен толассыз даму ағынына ілесу үшін әлемдік ағылшын тілін үйренуге ықпал етіп, түрткі болуды көздейді. Ондағы мақсат Қазақстан Республикасы халқына қазақ тілін кеңінен насихаттап, тұлға ретінде дамуға қосалқы фактор ретінде көмектесетін, жаңа ғылым, білім әлемінің есігін айқара ашуы үшін көмектесу, оған мүмкін беру. Осылайша Қазақстан азаматтарын жаппай сауаттандырып, мемлекеттік тілге қатысты мәселені шешу, білімді, сауатты, қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарға мүмкіндік аша отырып, елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайын түзеу. Себебі, оны тереңінен зерделейтін болсақ, жоғарыда атап өткен ғылым, білім, ақыл, парасат, өз ана тіліне деген махаббат Қазақстан Республикасы болашағына оң әсерін бермей қоймайды. Ол қай салада болмасын.

Тілді жеке нысан ретінде алып оны адамның ойлау жүйесіне, тұлғалық қалыбына, ойлау жүйесіне, бір тілді игере отырып, өзге тілді үйренуге келгенде оның техникасының терең игере отырып, мидың жұмыс істеу қабілетіне қаншалықты әсер беретінін керемет әсер беретінін ғалымдар физикалық, биологиялық, физиологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеп, оның тек пайдасы болатынын дәлелдеп кеткен.

Мұны Қазақстан Үкіметі жете түсінеді, біледі. Сол себепті Қазақстан Республикасы халқын түрлі бағдарламалар, түрлі саладағы реформалар арқылы білім, ғылымға баулу, тілді үйрету, ең бастысы өзінің ұлттық тамырынан ажырамас үшін қазақ тілінің аясын кеңейтуді мықтап қолға алды.

Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік қазақ тілін үйренуге ынталандыру, қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілін мысалға ала отырып, өзгелерді ынталандыру, қазақ тілін үйренуге тез әрі ыңғайлы оқулықтарды шығару, түрлі семинар ұйымдастыру, түрлі қазақ тіліне қатысты бәйгелер ұйымдастыру.

 

Темірлан Хасанов

Связанные Статьи