«Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламасының өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары

/uploads/thumbnail/20181129164858299_small.jpg

Бүгінде тұрғын үй мәселесі – күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Қазақстанда жаңа «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске қосқаннан кейін бұл мәселе, тіпті, көшбасында тұр деп те айтуға болады. Көптеген қазақстандықтар аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйге қол жеткізуді көздеп жүр. Сонымен қатар, қазіргі таңда 100-ге жуық адам қолайлы шарттар арқылы несиеге пәтер алып үлгерген.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев өзінің сұхбатында «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде, сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына тигізер ықпалы жөнінде және бүгінде қандай нәтижеге қол жеткізілгені турасында айтып өтті.

Алдында министр Жеңіс Қасымбеков «7-20-25» пен «Нұрлы жер» бағдарламасы қатар жұмыс істейтінін және бір-біріне еш кедергі келтірмейтінін атап өткен болатын. Расымен де қазіргі таңда екі бағдарлама осылай жұмыс істеп жатыр ма? Бұл арқылы неге қол жеткізді? «Нұрлы жер» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді? Болашақта тағы да қандай өзгерістер орын алмақ?

2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы мен 2018 жылдың шілде айынан бастап қолға алынған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бір-біріне еш кедергі келтірмейді, керісінше екі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары да қатар жұмыс істей отырып, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашып беріп отыр деп айтуға әбден болады.

1 «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты қазақстандықтарға төмен пайызбен жаңадан салынған тұрғын үй кешендерінен пәтерге қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Бұл арзан ресурстар механизмі және әрбір жұмыс істеп жүрген азамат қолжетімді баспанаға ие бола алады. Оның басты шарттары мынадай: несиенің жылдық өсімі 7 пайыздан аспайды, алғашқы жарнаның көлемі тұрғын үйдің жалпы сомасының 20 пайызын құрайды, ай сайынғы төлемнің несие алушыға қиын болмауы үшін мерзімі 25 жылға дейін ұзартылған.

2 Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының мақсаты – қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін 5 тапсырманы орындау арқылы кешенді түрде шешімін табу болып табылады. Олар:

  • Жалдамалы тұрғын үйді сатып алу;
  • Кредиттік тұрғын үйдің құрылысы;
  • Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
  • Жеке құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысын дамытуға мүмкіндік беру;
  • Квазимемлекеттік субъектілерді тарта отырып, тұрғын үй құрылысын дамыту.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы Жарлығымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына бірқатар өзгертулер енгізілді.

Осылай, «7-20-25» бағдарламасының енгізілуіне байланысты келісімшарттар бойынша субсидиялар төлеу бойынша міндеттемелерді сақтап қалу арқылы азаматтардың ипотекалық несиелерін субсидиялау бағытын тұрғын үй бағдарламасынан алынып тасталынды. Ал жеңілдетілген ипотека бойынша бүгінгі таңға дейін үш мыңнан аса адам үй сатып алып үлгерді.

Жаңа тұрғын үйге қол жеткізуді ұлғайт үшін және құрылыс көлемін артыруын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылымды салуды қаржыландыруды ұлғайту жөнінде шаралар қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламаға жеке құрылыс салушыларды белсенді түрде қатыстыру мақсатында әкімдіктерге салынған объектілерді сатып алу құқығы берілді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары секілді екінші деңгейлі банктердің де клиенттеріне несиелік тұрғын үйді жүзеге асыру қарастырылған.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарға өз қызметкерлерін қолдау туралы ереже ұсынылған. Мұндай ұйымдар мен кәсіпорындар өздерінің жұмысшыларына тұрғын үй несиесін бере алады және оны алғашқы жарна ретінде беруге де құқылы. Мұндай ережелер арқылы мұғалімдердің, дәрігерлердің және мемлекеттік қызметкерлердің тұрғын үй мәселесін шешуге әбден болады.

Мұндай жағдайлардың барлығы да әкімдік құрған бағалар арқылы ипотекалық бағдарламаларды дамытуға және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға үлкен серпін береді. Бір шаршы метрі 140-180 мың теңгені құрайтын тұрғын үйлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына үш айдың ішінде беріледі де, қалған пәтерлер екінші деңгейлі банктердің тұтынушыларына беріледі.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы мен «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арасындағы айырмашылық қандай? Халықтың қандай санаттарына бұл бағдарламалар бағытталған?

Бұл жерде, ең бастысы, бұл екі мемлекеттік бағдарламаны салыстырудың қажеті жоқ екендігін баса айтып өту керек, олар бір-бірін толықтырады және түрлі санттағы азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, бұл екі мемлекеттік бағдарламалардың басты ерекшеліктерінің бірі – қаржыландыру мәселесі болып табылады.

Егер «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында барлық қаржыландыру көздері, бюджеттік және жеке инвестициялар және қоғамдық қорлардың қатысуы қарастырылған болса, ал «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған «Баспана» ипотекалық компаниясы екінші деңгейлі банк тұтынушыларын қаржыландыру мәселесімен айналысады (екінші деңгейлі банктерден талап ету құқығын сатып алу арқылы).

Екі мемлекеттік бағдарламада да тұрғын үйге мұқтаж және жеке пәтері жоқ, алайда ай сайын төлем жасауға қабілетті азаматтарға мүмкіндіктер беріледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында әкімдік желісінде арзан несиелік тұрғын үй салу және жалға беру қарастырылуда.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаннан бері қанша адам өтінім беріп үлгерді? Күніне қанша несие берілуде? Аталмыш бағдарлама өзінің өміршеңдігін көрсете алды ма?

Ұлттық банк қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы 4 шілдеде іске асырылғаннан бастап бүгінге дейін 5528 өтінім келіп түскен, оның 148-і комиссияға қарастыруға жіберіліп, оның ішінде 95 өтінім мақұлданып, 1,1 миллиард теңге қаржы көлемінде ипотекалық несие берілген.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бар-жоғы шілде айында ғана іске қосылғандықтан, бұл көрсеткіш өте жақсы деп айтуға болады және бұл бағдарлама өзінің өміршеңдігін ерте көрсетті. Сонымен қатар аталмыш бағдарламаның өміршеңдігі әртүрлі фактілерге де байланысты:

  • Несие алуға ниетті азаматтардың алғашқы жарнаны төлеуге қабеліттілігі;
  • Ай сайын төлем жасауға қабілетті болуы;
  • Қазақстан Республикасы аумағында жеке пәтерінің болмауы;
  • Сатып алуға арналған бастапқы тұрғын үйдің болуы және басқа бағдарламалардың талаптарына сәйкес келуі.

Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында қанша тұрғын үй берілмек? Белгіленген тұрғын үй санынан ипотекалық несиеге үміткерлердің саны артып кетпей ме?

Әрине, уақыт өте халықтың сұранысы артатыны белгілі, бірақ сұраныс бар және «7-20-25» бағдарламасын одан әрі дамыту мақсатында ол тек өсетін болады. Біз де сол сұранысқа орай жұмыс істейтін боламыз.

Осылайша, бүгінгі таңда әкімдікте тіркеуде тұрған қазақстандықтардың саны 492,5 мың адам бар, олардың барлығы да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозиттік шот аштырған – салымшылардың саны 1 миллионнан астам. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген тізімге кірмеген, алайда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар да бар. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 49,7 мың тұрғын үй пайдалануға берілген, оның ішінде 20,5 мыңы жеке үйлер болса,и 29 мыңы көпқабатты үйлердегі пәтерлерден берілген. Жылдың соңына дейін шамамен 54 мың тұрғын үй салу жоспарлануда.

Алдағы бес жылдың ішінде Ұлттық банк 1 триллион теңгені тартқан жағдайда қазақстандықтарға жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін 66 мыңнан астам ипотекалық несие беру жоспарланып отыр. Орта есеппен бір ипотекалық несие 15 миллион теңгені құрайтын болады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының механизмдерін жетілдіру жөніндегі жоғарыда көрсетілген есептер тұрғын үй құрылысын дамытуға өз септігін тигізеді.

Не себепті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелерінде 1 шілдеден бастап кезекте тұрған адам саны едәуір көбейіп кеткен? Бұл «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты ма? ҚР инвестициялар және даму министрлігінде бұған қатысты қандай шаралар қолға алынған?

Иә, расымен де Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрған адам саны күрт өсіп кеткен. Бұл тек «7-20-25» бағдарламасының іске қосылуына ғана байланысты емес, сонымен қатар, аталмыш банктің өзіндік акциялары мен «Өз үйің» атты жеке бағдарламасының іске қосылуына байланысты. Бұл бағдарлама арқылы еліміздің әскери қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі және басқа да көптеген мәселелер өз шешімін табады. Халық бұл банкке сенеді және өздерінің қаржыларын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде сақтайды, себебі аталмыш банктің акциялары мемлекетке тиесілі, сонымен қатар, мемлекет тарапынан түрлі сыйақылар, салықтық жеңілдіктер қарастырылған және де ипотекалық несие алуда өте ыңғайлы болып табылады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мамандарының айтуынша, жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаннан бері бөлімшелердегі тұтынушылардың саны бірнеше есеге күрт өсіп кеткен. Олардың көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында, күнделікті 1500-1900 тұтынушыға дейін қызмет көрсетеді екен.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кеңседен тыс кеңес алу үшін де жеткілікті құралдар мен тәсілдер бар және банк бөлімшесіне барудың да еш қажеті жоқ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «7-20-25» бағдарламасына кеңес беруден және қабылдаудан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша азаматтарға 300-ден астам ипотекалық несие берілген. Қосымша «Өз үйің» бағдарламасы арқылы да 162 пәтер пайдалануға берілген. Сонымен қатар, бүгінгі таңда аталмыш банк әскери қызметшілермен де белсенді жұмыс атқаруда. Астанада 3,5 мыңға жуық арнайы шоттар қызмет етеді.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске қосқаннан кейінгі ұзын-сонар кезектен құтылу мақсатында және уақытты үнемдеу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бірнеше ұйымдарға «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру үшін қысқаша түсініктеме жіберген.

2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қанша ипотекалық несие беру көзделуде?

Жаңа «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске қосқаннан кейін «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасынан «ипотекалық несиелендіру қолжетімділігін арттыру» міндеттемесі алынып тасталды. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама жұмысын бастаған сәттен бері 3 336 қазақстандық жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үйге қол жеткізген, оның ішінде 2017 жылы 1 196 адам алған болса, 2018 жылы осы уақытқа дейін 2 140 адам жеке тұрғын үйге ие бола алды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты ендігіде тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарға ипотекалық несие «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады. Алдағы бес жылда аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында 1 триллион теңгені айналымға шығару көзделуде: 2018 жылы – 100 миллиард теңге; 2019 жылы – 150 миллиард теңге; 2020 жылы – 200 миллиард теңге; 2021 жылы – 250 миллиард теңге, ал 2022 жылы – 300 миллиард теңге.

2018 жылдың соңына дейін банк салымшылары 100 миллиард теңге жинаған жағдайда «7-20-25» бағдарламасы арқылы салымшыларға 15 миллион теңгеден 6,6 мың ипотекалық несие беру жоспарланып отыр.

2018 жылдың соңына дейін тұрғын үй құрылысынан қанша өсім күтесіз?

2018 жылы кемінде 12,1 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысын салу жоспарланған.

Айта кетейік, халыққа жеңілдетілген неcие беруді көздейті «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламаларының іcке қocылуына байланыcты тұрғын үй құрылыcына cалынған инвеcтиция көлемі өcті. Биылғы жылдың 8 айында 702 млрд теңгеге жуық қаржы тартылған. Oл өткен жылдағы деңгейден 31%-ға артық. 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Реcпублика бoйынша барлығы 67 мыңнан аcтам oтбаcы қoныc тoйын тoйлады. «Нұрлы жер» бағдарламаcы аяcында 15 жылда 1 жарым млн баcпана cалу жocпарланып oтыр. Айта кеткен жөн, Елбаcы өз Жoлдауында 2030 жылға қарай бір адамға шаққандағы баcпанамен қамтамаcыз ету көрcеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізуді тапcырған бoлатын.

Связанные Статьи