Елордаға тартылған инвестиция өткен жылға қарағанда 3 есеге өскен

/uploads/thumbnail/20181023185647496_small.jpg

Астана қаласына тартылған инвестиция өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге өсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Биыл елордаға 600 млрд теңге инвестиция тартылған.  Бұл қуантарлық жаңалық. Себебі Елбасының өзі еліміздегі инвестицияның көзін дамытуды баса назарға алып отыр. Биылғы жылдың 8 айында инвестиция көлемі 598 млрд теңгені құраса, оның ішіндегі шетелдік инвестиция 158 млрд теңгені құрайды.  Сонымен бірге ішкі үлесті де ұмытпаған жөн. Ішкі инвестицияның ішкі үлесі 10,2-ден 26,5 пайызға өскен. Ал қазір 2018 жылдың қорытындысына сүйенсек, 1 трлн теңге тарту жоспарға енгізіліп отыр.

Қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдинаның сөзіне сенсек, өткен жылдағы инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жеткен. Нақтыласақ, инвестиция көлемі 957 млрд теңгені құрайды.

"Оның 200 млрд теңгесі – шетелдік инвестиция. Бұл 2016 жылға қарағанда үш-төрт есеге көп көрсеткіш", - деді бюджет, экономика, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік мәселесі бойынша Астана.

Оставить комментарий

Связанные Статьи