1039 маңғыстаулық «Серпін» бағдарламасымен білім алуда

/uploads/thumbnail/20181130153455697_small.jpg

Маңғыстау облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы отрысында жасаған баяндамасында облыс әкімі денсаулық, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері мен жастар үшін жасалған жұмыстар жөнінде баяндады.

-Маңғыстау облысының жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары  жүйелі түрде өткізіледі. «Серпін» бағдарламасымен 1039 бала білім алып алуда, оның ішінде Жоғарғы оқу орны  – 864, колледжерде – 175 бала. 2018 жылдың сәуір айының 14-де облыстық мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мамандықтар фестивалі» өткізілді. Фестивальдарға республикалық «Серпін» бағдарламалар басқармасының басшылығы, жобаға кіретін 13 Жоғарғы оқу орны  өкілдері мен батыс өңірі колледждерінің студенттері қатысты. Осы шараға мыңнан аса оқушы мен студенттер қатыстырылды», - деді өңір басшысы өз сөзінде.

Айта кетейік, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Әлеуметтік жобаның мақсаты — бес ірі өңірдің жастарын кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

Жобаға ҰБТ тапсырмағандар, былтыр және оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп,  ЖОО-на түсе алмаған жастар қатыса алады. Ол үшін кешенді тестілеу тапсыру керек. Дегенмен таңдау пәні мен өзге пәндерден 5 балдан төмен алғандар қатыса алмайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи