Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

/uploads/thumbnail/20170708175202477_small.jpg
Қазақстан Республикасы                                                                                                Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген  
Бағдарламаның атауы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы
Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
 Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Бағдарлама мақсаты Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу
Бағдарламаның міндеттері Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту; кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту;атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері 1-кезең – 2013 – 2015 жылдар2-кезең – 2016 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:2016 жылға қарай:кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады; жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-дан аспайтын болады; өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды. 2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
Қаржыландыру көздері және көлемі Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте: 2015 жылға – 37,7 млрд. теңгеКелесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

 

  1. Бағдарламаның мақсаты

 

  1. Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

 

 
  1. Бағдарламаның міндеттері

 

  1. Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту; 2) кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту. 3) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. Бағдарламаны іске асыру оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстарының ұтқырлығын дамытуға бағытталған.

  1. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; 2) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру; 3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту және жұмысқа орналастыруға және қоныс аударуға жәрдемдесу.

  1. Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:

республикалық деңгейде: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК); 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы); облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар; аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары; кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады. Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтік келісімшарттар Бағдарламаны орындауды ұйымдастырудың маңызды құралы болып табылады.    

  1. Бағдарламаға қатысушылар

 

  1. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
  2. Бағдарламаға қатысу үшін басым құқық мынадай санаттарға:

1) оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 11-сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға; 2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 3) еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектерге; 4) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге; 5) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға; 6) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге; 7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бұрын істеген және мемлекеттік жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға; 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға; 9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға; 10) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқанға немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі. Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу кезінде дәйексіз деректер ұсынған адамдар Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстар сомаларын бюджетке өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен өтейді. Алматы қаласы Медеу ауданы телефоны: 279-58-77

Алматы қаласының Медеу ауданыбойынша мемлекеттік кіріс басқармасы, жастар тәжірибесі бойынша еңбекке тарту бағдарламасы Медеу ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.

Связанные Статьи