Құрметті шет елде оқып жүрген жастар және қандастар! Қазақ жастарын "БИЗЕС БАСТАУға" көмектеріңіз керек!
Қазақ елі бәріміздің отанымыз! Осы ұлан ғайыр жерді сіздер мен біздің ата бабаларымыз қанымен қорғап, бізге мұрат қылып тастап кетті! СССРдің аясында болғандықтан біздың халық өз потенцияалын толық қолдана алмады, дамыған елдерден көп артта қалып қойдық. Қазір Аллаға шүкір тәуелсіздіктің арқасында бірталай дамыдық, ал сіздер шет елдерде білім алу мүмкіншілігіне ие болып отырсыздар. Талай қандастарымыз шет елдерде өмір сүріп жатырсыздар.
Ғылым мен техниканың және де ғаламтордың мүмкіншілігін пайдаланып бірігіп жұмыс жасайтын болсақ, бүгінгі күні өзімізге де, елімізге де пайда келтіретін көп жұмыстар атқара аламыз. Біз ұсынға жобаны іске асырсақ сіздер оқудың ақысын және өмір сүру үшін керек қаражатты таба алар едіңіз де, Қазақстандағы кәсіппен айналысқысы келетін адамдар табыстарын тауып, тұрмыс жағдайларын түзеп алар еді.
Ал шет елде өмір сүріп жатқан қандастарымыз елмен тығыз байланыс орнатып, Қазақ елінің дамуына өз үлестеріңізді қосар едіңіздер, жинаған білім мен тәжрибелеріңізбен бөлісер едіңіздер!
Нақты ұсынысымыз мынандай: Бизнес Бастау мектебі Қазақстандағы кәсіп ашсам деп ұмтылған адамдарды жинап Бизнес тренингтер өткізіп, кәсіптің қыр сырын үйрету жұмысын бастап кетті. Ғаламторда сайт ашу, жарнамасын жасау істерін қол жетімді бағалармен өз міндетімізге алып жатырмыз. Кәсіп бастаймын деген кез келген адам шет елдерге барып, жақсы да сапалы товарлар таңдап алуға мүмкіншіліктері бола бермейді: • Жол қаражаты мен барғандағы шығын (қонақ үй, такси, аудармашы тб) талай ақша тұрады • Аз уақытты шет елден сапалы да тиімді бағамен товар беретін компания тауып ала қою оңай емес • Әр партия товар алған сайын шет елдерге барып келіп тұру да көп қаражатты талап етеді. • Шет елдерде қандай жаңа товарлар шығып жатқанын біліп, сараптап отыру да қиын шаруа Егер де сіздер осы мәселелерді шешіп беріп отырсаңыздар елдегі кәсіпкерлерге де, сіздерге де тиімді болар еді. Сіздерден бізге не керек? • Қазақстанда жақсы өтеді, сұранысқа ие деген товарлардың тізімін, бағасын және өндіретін орындардың контактілерін бізге Бизнес Бастау кәсіпкерлік мектебіне жіберіп тұрсаңыздар. Біз келген ұсыныстарда зерттеп, талдап, содан кейін Бизнес Бастау мектебінің түлектеріне ұсынар едік.
Содан кейін олар сіздерге тікелей байланысқа шығып, келісім шартқа отырып, товард сатып ала бастайды. Әрине сіз өз еңбегіңізді белгілі мөлшерде үстінен келіскен пайыз бойынша қосып отырасыздар. • Қазақстанда бірігіп өндіріс, қызмет көрсету орындарын ашамын деген бизнесмендерді тауып, олардың да ұсыныстарын бізге жолдап отырсаңыздар. • Өздеріңіз де шет елдерден қандай заманауи озық технология, қызмет көрсету әдістерін білсеңіздір бізге ұсыныс жіберіп отырсаңыздар • Сіздер әр товардың нақты бағасын шынай көрсетсеңіздер және сапасына жауапты болсаңыздар. Бұл жобамыз іске асса сіздер де табыс тауып, еліміздеге кәсіпкерлердің тез аяқтарынан тұрып, қаржылық қыспағынан шығуына себепкер болар едім. Еліміздің экономикасының дамуыны, шағын және орта бизнестің өркендеуіне де үлкен үлесімізді қосар едік!
Біз Түрция, Қытай мемлекетінде жүрген қандастарымыз арқылы осы шаруаны бастап та кеттік. Көптеген ұсыныстар түсіп, біразын іс жүзінде бастап та кеттік. Мен өзім Түрік бизнесмендерінің шақыртуымен 26 сәуір күні Түрцияға кездесулерге бара жатырмын. Енді Америка, Европа, Малайзия, Жапония, Қытай Ресей тағы да басқа елдердегі студенттерден ұсыныстар күтеміз Құрметпен Ахметбек Нұрсила
https://www.facebook.com/groups/biznesbastau/ https://www.facebook.com/groups/710155209094010 https://www.facebook.com/profile.php?id=100001377979947 http://vk.com/biznesbastau biznes.bastau@gmail.com