Көші-қон комитеті "екі анықтаманы" алып тастауға қарсы емес

/uploads/thumbnail/20170708175221491_small.jpg

Кеше ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Әділұлы Сарбасовтың қабылдауында болдым. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Мәжілісте қаралып жатқан Заң жобасы туралы ұсыныстарымды айттым. Атап айтар болсам, аты шулы ЕКІ АНЫҚТАМАДАН құтылу үшін талқыға түсіп жатқан «Халықтың көші-қоны туралы» (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы) Заңының 49-бабының 2)- және 9)-тармақтарына озгертулер мен толықтырулар енгізу керетігін өтіндім. Аталмыш Заңның 2)- тармағы бойынша көшіп келуші «сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;» болса, оны ҚР-да Тұрақты тіркеуге тұрғызуға болмайды. Демек, осы тармақты басы бүтін алып тастау керек! Адамдар тіпті абайсызда да қылмыс өткізіп, сотталып, жазасын өтеп шығуы мүмкін ғой. Оны неге Тұрақты тіркеуге тұрғызбасқа, оған неге азаматтық бермеске?!

Екінші өтініш, 9)-тармақ туралы. Көшіп келушілерді ҚР-да Тұрақты тіркеуге тұрғызбауға негіз болатын тағы бір себеп, осы тармақтағы «ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болған;» деген шарт. Көшіп келушілер осы «Соттылығының» бар-жоғын дәлелдеу үшін өзі келген елінен анықтама әкелуі керек! Қытай бұл анықтаманы бермейді. Өйткені, ол елде қылмысқа қатысты т.б. жеті түрлі адамға ТӨЛҚҰЖАТ бермейді. Арнайы Заң бар.

Сондықтан, мұны анықтауды осы талқыланып жатқан Заңның 9-бабында көрсетілген "Ішкі істер органдарының құзыретіне" беру керек. Қажет болған жағдайда, өздері сұрау салып анықтасын. Келушілерден талап етпесін.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Әділұлы бұл ұсыныстарды бірден түсінді және қарсы емес екенін айтты. Мамыр айында қатысты органдардың жауаптылары мен мамандарын шақырып, жиналыс өткізетін, ортақ ақылдасатын болды.

21.04.2015 Астана

Ауыт Мұқбек, Facebook парақшасынан

Связанные Статьи