“Қазақстан аруы” атағын алған бойжеткен “Әлем аруы” байқауының фотосессиясына қатысты

/uploads/thumbnail/20170708175223391_small.jpg

2014 жылы “Қазақстан аруы” атанған Регина Вандышева “Әлем аруы-2015″ байқауының фотосессиясына қатысты.

Бейнесі сұлулық сайысының сайтында жарияланатын алматылық арумен елдегі танымал фотограф Данил Олейник қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Ал образ авторы Айнур Рысбекованың студиясы. Үш сағатқа созылған фотосессияда Регина Вандышева Sherri Hill үйінің көйлегін киді. Шерри Хилл әлемге әйгілі, голливуд жұлдыздарын “киіндіретін” дизайнер ретінде белгілі. “22 жастағы “Қазақстан аруының” бос уақыты жоқ, ол әлемдік сайысқа жан-жақты дайындық үстінде”, – деп жазады сайт.

Связанные Статьи