Мемлекеттік қызметті электронды үкімет арқылы алудың басты артықшылығы – уақытты қысқартуға және олардың сапасын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіпін барынша жоюға едәуір мүмкіндік береді.
Электронды қызметтер көрсету орталығы - халыққа қызмет көрсететін орталықтардың жаңа форматы, бұл жерде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласының барлық жаңашылдықтарын көруге және цифрлық сауаттылықты арттыруға болады.
Электрондық қызмет көрсету орталығы EXPO аумағында орналасқан. Павильонда мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі қазіргі заманғы технологиялар ұсынылған. «ELEKTRONDYQYZMETORTALYGY» «жанды» операторларсыз, жасанды интеллекттің көмегімен жұмыс істейтін болады. Виртуалды кеңесші Айсана қандай да бір анықтамаларды алу туралы ақпаратты ұсынып, қажетті секторға бағыт береді. Сондай-ақ бұл жерде «M-gov» мобильді нұсқасының мүмкіндіктерімен танысуға, ұялы байланыс операторын өзгертуге, нөмірді сатып алуға және де ЭСҚ-ны SIM картаға жаздыртып алуға болады.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың көлік жүргізуші куәлігін алар кезде көлік жүргізу бойынша алдын-ала емтиханнан өту мүмкіндігі болады. Орталық емтиханды нақты автокөлікте тапсырған кезде тексеру мүмкін болмайтын төтенше жағдайларда жүргізудің кәсіби дағдыларына қол жеткізуге көмектесетін «digitaldrive» симуляторымен жабдықталған.
Орталықта «Video call room» бар, оның көмегімен азамат мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына арналған бейне үндеуді жазып жібере алады, ал олар үндеуді қарастырып, жауапты 15 күн ішінде өтініш берушілердің электрондық почтасына жолдауға міндетті. Сонымен бірге, бұл жерде қоғамдық қолжетімділік пунктері орналасқан, олардың көмегімен азаматтар электрондық үкімет порталында биометриялық деректер, электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпия сөз және мемлекеттік қызметтерді алудың дербес секторында ақпараттық анықтамалардың 44 түрін өз бетінше ала алады.
Сондай-ақ, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында, орталықтарда бекітілген кестеге сай үйрету семинарлары өткізілетін болады. Ыңғайлы жағдайда азаматтар электрондық үкімет порталының сервистерін пайдаланудың дағдыларын алып, оқу қорытындысы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат олардың электрондық мекенжайларына жолданатын болады.
Астана, Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында цифрлық ХҚКО іске қосылған болатын, мұндағы мемлекеттік қызметтерді алу толығымен автоматтандырылған, олар операторлардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Халыққа қызмет көрсету цифрлық орталықтарының ашылуы азаматтардың қоғамдық қолжетімділік пунктерінің, «Connectionpoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының және мемлекеттік корпорацияның арнайы павильон қабырғаларындағы планшеттердің көмегімен өз бетінше электрондық өтінімдерді беретін мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа форматына көшудің кезеңіне ауысты.
Жақын арада қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді беттің немесе саусақтың ізін сканерлеу арқылы алу мүмкіндігіне ие болады. Азаматтар электронды үкімет порталында, оператор немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қоғамдық қолжетімділік пунктері арқылы биометрия бойынша қызметтерді алуға мүмкіндік беретін тексеру орталығы құрылмақ.
Қызмет көрсетулердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілуде. Электрондық форматта енді қолжетімді қызметтер ішіндегі көпшілік қолданатын қызметтің бірі – egov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыру болып табылады. Ол көлікті онлайн тіркеу, ХҚКО-ға бармай-ақ, автомобильді арнайы рәсімдеу мүмкіндігін ұсынады. Порталда аталмыш қызметті пайдалану үшін сатушының да, көлікті сатып алушының да электронды сауасақ қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы тиіс.
Көлікті онлайн тіркеу үшін сатушы egov.kz порталында авторланудан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдары, салық қарыздары мен техникалық тексеріске сұраныс жіберуі қажет, ал олар болған жағдайда электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жүргізуі тиіс. Осыдан кейін сатып алушы электрондық порталдағы жеке кабинетінде өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін, нөмірлік белгі, көлік құралын тіркеу және тіркеу туралы куәлік үшін мемлекеттік бажды төлеуге көше алады. Сатып алушы смарт-мәмілені өзінің ЭСҚ-мен растайды және де оған тек арнайы ХҚКО-ға барып нөмірлік белгіні алу немесе оны үйге жеткізуге тапсырыс беруі ғана қалады.
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру кезінде egov.kz порталында авторланудан өткеннен кейін электрондық өтінім беріп, ЭСҚ-мен қол қою керек. Өтінімге сурет және қолтаңба бейнесі бар скан қоса беріледі. Одан әрі жеке кабинеттің «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі қалыптастырылған электрондық арызды басып шығару қажет және де мемлекеттік бажды төлеу туралы электрондық чекті басып шығаруы тиіс. Оны қызметтерді төлеу тарихы бөлімінде табуға болады.
Айта кетейік, жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК болып табылады.
Бұдан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша арнайы ХҚКО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не дайын жүргізуші куәлігін алу үшін ғана барады. Басып шығарылған арыз бен чек, ауыстырылатын жүргізуші куәлігі және жеке басты куәландыратын құжаттары өзімен бірге болуы тиіс. ЖК көрсетілген мерзімінен кешіктіріп ауыстыратын жағдайда өзімен бірге психиатриялық және наркологиялық диспансерден анықтамалар, және де 083-нысанды медициналық анықтамалар болғаны жөн.
2018 жылы шілде айынан бастап 30 қазанға дейін онлайн форматта 2 453 көлік құралы тіркелген. 10 ай ішінде 9 564 жүргізуіші куәлігін онлайн тәртіпте алған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірге бала туу туралы қызметтерді де проактивті форматта көрсету жөнінде пилоттық жобаны іске қосты. Ақпараттық жүйелердің интеграциялануы нәтижесінде жаңа азаматтардың тууын тіркеуге берілген өтініш автоматты түрде түсетін болады.
Бала туғаннан кейін оның ата-анасының ұялы телефонына нәрестенің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс бірден келіп түседі. Барлық мәліметтерді электрондық үкімет порталы әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйлерінен тартады, ал жетіспейтіндерін – қызмет алушыдан SMS-хабарламалар арқылы сұратады. Баланың тууын тіркеумен байланысты проактивті қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба Қазақстанның барлық облыстарында әрекет етеді.
Телефон арқылы тек баланың тегін, атын және әкесінің атын ғана емес, туу бойынша жәрдемақыны рәсімдеуге арналған есепшот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін деректерді жіберуге болады.
Проактивті форматтағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы міндетті болып табылады. Бұл үшін www.egov.kz сайтындағы жеке кабинетте мобильді телефон нөмірін ЖСН-не байланыстыру қажет.
Жобаны іске қосқан сәттен бастап 100 мың адам мемлекеттік қызметті проактивті режимде алуға ниет білдірген.
Мобильді азаматтар базасында тіркелу қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Мобильді азаматтар базасының пайдаланушыларына мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу қолжетімді болып табылады. Олар egov.kz сайтында ЭСҚ-сыз, бір реттік sms-құпия сөздің көмегімен 40-тан астам мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, өзіне қатысты анықтамаларды үшінші тұлғаларға алу құқығын бере алады. Телеграмм-бот арқылы анықтамалар алып, қызметтерді пайдалана алады. Бүгінде Қазақстанда 5 млн-нан астам тұрғын мобильді азаматтар базасында тіркелген.
Күн сайын портал арқылы 100 мыңнан астам қызмет көрсетіледі.
Жоба іске қосылған сәттен бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтар үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервис тізімін арттыру жөніндегі жұмысын жалғастырып келеді. Осылайша, ұсынылатын қызметтер мен сервистердің саны 12 жыл ішінде 235-ке дейін артқан, композиттік қызметтер пайда болды, 44-тен астам қызмет бір реттік смс-құпия сөздің көмегімен қолжетімді болды, төлемдердің 38 түрі авторланудан өтпеген қолданушылар үшін онлайн режимге көшірілді және де «анықтамасыз қызметтер» сервисі ең көп қолданатын анықтамаларға үшінші тұлғалардың сұратуына рұқсат беру автоматтандырылған.
Бүгінде « Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталының құрамына 150-ден астам ақпараттық жүйе мен деректер базасы интеграцияланған, осының арқасында пайдаланушы бірнеше ведомствоға бармай-ақ, бір сұрату арқылы «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызметтер көрсетуге көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қызметтер мен сервистердің қолжетімділігі дамып, сонымен бірге, тіркелген қолданушылар саны да арта бастады.
ЭСҚ-ны қолданбай-ақ @EgovKzBot – Телеграм мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады.
EgovKzBot арқылы 15 мемлекеттік қызмет пен сервисті – әлеуметтік мәртебені тексеру және негізгі зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу, ересектер мен балаларды емханаға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақырту, ХҚКО-ға баратын кезде кезекті брондау, жұмыс және қызметкерлер іздеу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу, мекенжай анықтамасы және т.б. алуға болады.
Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет. Бұл өз телефон нөміріңізді eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте байланыстырып, өз гаджетіңіздің Telegram мессенджеріндегі ботты іске қосу керек деген сөз.
Содан кейін алдын ала белгіленген командаларды жіберу және SMS-коды арқылы растау арқылы анықтамалар мен сервис ақпаратын сұратуға және оларды пайдаланушының электрондық почтасына қайта жіберуге болады.
Жақында «Касса24» төлем терминалдарында ел халқының азаматтарына арналған көпшілік пайдаланатын мемлекеттік қызметтердің 5-еуі қолжетімді болады:
- Мекенжай анықтамасы;
- Жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анқытама;
- Сотталмағандығы туралы анықтама;
- Зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
- Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама.
Қолданушы анықтамаларды алғанын бір реттік құпия сөз (one time password) арқылы растайды. Бұл үшін азамат Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Яғни, ЭСҚ алған кезде азаматтар eGov.kz порталының жеке кабинетінде мобильді телефон нөмірін тіркейді, бұл нөмір мобильді азаматтар базасына енгізіледі.
Сондай-ақ анықтамаларды Касса24 көмегімен басып шығару мүмкіндігі қарастырылуда.
Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қызметтер тізілімі 741 қызмет көрсетуден тұрады. Олардың 598-ін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 454-ін электрондық үкімет порталында алуға мүмкіндік бар.
Ағымдағы жылы 9 айдың ішінде мемлекеттік корпорация 25 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Солардың ішінде 13 миллионнан астамы – электрондық қызметтер, ал 9 миллионнан астам мемлекеттік қызметті азаматтар фронт-кеңселердегі өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өз бетінше алған.
Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация алдында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша тапсырма тұр. Қарауына Мемлекеттік корпорация енетін Ақпарат және коммуникация министрлігі өкілетті мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік қызметтерді азаматтарға және бизнес үшін көрсету процестерін мейлінше оңтайландыруды жүргізіп жатыр. Цифрландыру мемлекеттік органдарға өз өнімділіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Оставить комментарий