Ақтөбеде алғаш рет Президенттік оркестр өнер көрсетті

/uploads/thumbnail/20181210130849723_small.jpg

Ақтөбеде алғаш рет Президенттік полкі Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің сүйемелдеуімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі өнер көрсетті.

Көрермендер Досымжан Таңатаров, Клара Төленбаева, Медет Салықов, Олжас Сүлейменов, Гүлнұр Әділбекова, Асылхан Шалқаров, Гүлсім Мырзабекова, Әсел Мәдекешова сынды оркестрдің жетекші орындаушыларының, «Аламан» тобының және т.б. орындауында халықтық және джаз музыкасының, әлемдік классикалық музыка композицияларын тамашалады.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Қазақстанның протоколдық, дипломатиялық, мемлекеттік және өзге де салтанатты іс-шараларының музыкалық бөлімін қамтамасыз ету үшін 1992 жылы құрылған. Шығармашылық ұжым әлемдік музыка мәдениетінің барлық жанрын қамтиды. Оркестрдің әртістері ТМД мемлекеттерінің, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Бельгия, Малазия, Египет, Үндістан, Германия және әлемнің басқа да елдерінің сахналарында өнер көрсетті.

Ақтөбе көрермендерін мемлекет басшысының қатысуымен өтетін мемлекеттік протоколды, шетел мемлекет басшыларын күтіп алу және шығарып салу жоралғылары мен басқа да мемлекеттік мәні бар іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкі Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің шеберлігі немқұрайды қалдырмайтыны сөзсіз. Құрмет қарауыл ротасының жеке құрамы Қазақстанның әртүрлі қалаларында және шетелдерде саптық амалдарды шебер орындайтындарын бірнеше рет паш етті.

Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты жылжымалы көрме жобасының аясында өткізіліп жатқанын атап өту керек. 14 қарашадан бастап көрме Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экспонатталады. Ақтөбе тұрғындары мен қонақтары көрмемен 2019 жылғы қаңтар айының соңына дейін таныса алады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи