Заң тыйым салғанмен Ақтау базарында насыбай саудасы өршіп тұр (видео)

/uploads/thumbnail/20170708175226017_small.jpg

Қазақстанда 18 сәуірден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен түзетулер енгізілгені белгілі. Иә, жаңа заңда кейбір табак өнімдерінің саудасына шектеу қойылған. Соның ішінде құрамындағы некотин мен шайыр көлемі белгіленген мөлшерден асып кеткен және санитарлық талаптарға мүлдем сай келмейтін болғандықтан жайма-базарлар мен дүкендерде "насыбайға" жаңа заң шектеу жасаған болатын. Денсаулыққа зиян бұл тауар түрін шекерадан енгізу, өндіру және саудаға салуға тыйым салынғанымен, Қазақстанның кейбір аймақтарында насыбай саудасы әлі күнге өршіп тұрғаны белгілі болды.

Ақтау қаласындағы орталық базар саудагерлері Қазақстанда насыбай саудасына заңмен тыйым салынғанынан хабардар болса да, ашықтан-ашық көкнар сатуларын жалғастыруда. Бұл туралы Маңғыстау облыстық "Lada.kz" сайты жазады.

Әлеуметтік желіге тараған бұл бейне-роликте саудагерлер насыбай саудасына қатысты жаңа заң қабылданғанынан толықтай хабардар екендіктерін, алайда тұтынушылар сұранысына орай жасырып сататындықтарын айтқан.

Ал Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз-қызметінің айтуынша заңмен тыйым салынған насыбай өнімін шекарадан өткізген, өндірген немесе саудалаушыларға айыппұл салынатынын айтады. Тіпті, ҚР Әкімшілік кодексінің үш бірдей бабы бойынша, 199, 434 және 441 баптар бойынша жауапқа тарту да қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірден бастап Қазақстан территориясында насыбай саудасына және бірқатар алкогольдік және табак өнімдеріне тыйым салынған болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=qVrhbESP4x4

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи