Алматы әкімдігі "Мизам" базарына қатысты мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20181210182710712_small.jpg

20 қараша күні Алматы әкімдігі  «Мизам» базарымен жалға беру шартын үзгендігі жайлы баспасөз мәлімдемесін таратқан болатын. Мәлімдемеде оның бір себебі ретінде «Мизам – мәдениетсіз базар» деп көрсетілген. Базарға тексерулер жүргізіліп, оның артынан айыппұл салынды. Сауда кешенінің қожайыны өзін қорғауға мәжбүр. Базардың қожайыны - кәсіпкер Досмұқан Керімбаев бұл шешіммен келіспейді. Жұмыс орындарын құрып, салық төлеп, бүкіл қауіпсіздік талаптарын сақтап отырған ол Алматы әкімдігінде неліктен «Мизам» сауда орталығының жұмысына наразылық туындап отырғанын түсінбейді.

Д. Керімбаев: «Біз бұл жағдайдың неліктен туындағанын өзіміз түсінбей отырмыз. Басынан бастап бұл жобаны Алматы әкімі қолдады. Бауыржан Байбек көтерме-үлестіру орталығы бірінші кезегінің ашылуында болды. Ол біздің тұжырымдамамен таныс, бұл жобаның дамуын мақұлдап отыр. Бұл жердегі шиеленіс әкім орынбасары, басқарма басшылары сынды мемлекеттік органдар тарапынан туындап отырған болу керек. Олар әртүрлі тексерулерге жол беріп отыр деп ойлаймын. Алматы қаласының тексеруші органдары тарапынан бізге бұлай «жіті көңіл бөлініп отырғандығы» қаншалықты заңды деген сұрақты қойғым келеді». 

Баспасөз мәжілісін «Мизам» көтерме-бөлшек орталығының қожайындары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, заңгерлер ұйымдастырып отыр.

Мақсаты – кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар неліктен жұмыс жасамай отырғандығын кең жұртшылықтың және ел басшылығының назарына жеткізу, жоспардан тыс тексерулер қалай өткізілетіндігі және шенеуніктер мен Алматының атқарушы билігі мегаполисте өз бизнесін дамыту үшін қаржы салып отырған кәсіпкерлердің аяғынан қалай шалып отырғандығы жайлы әңгімелеу. Ал кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып отырған бұл қаржы мыңдаған қазақстандықтарға өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп отырғаны белгілі.

Баспасөз мәжілісінің қатысушылары заң жүзінде осы жағдайды түсіндіріп беруі үшін Елбасына, сондай-ақ, жоғарғы қадағалаушы орган – ҚР Бас прокуратурасына және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сұрау салып отыр.

Баспасөз мәжілісінің қатысушылары:

Досмұқан Сұлтанбекұлы Керімбаев - «Мизам» көтерме-бөлшек базарының құрылтайшысы;

Болат Егімбайұлы Қожақов - «Мизам» көтерме-бөлшек базарының басқарушы директоры;

Асқар Қаймақов – тәуелсіз заңгер;

Нұрсадық Қалиұлы Әбішев – Қазақстан сауда өкілдері қауымдастығының президенті.

Связанные Статьи