Алматыдағы «Сайран» автовокзалында мұз айдыны пайда болады

/uploads/thumbnail/20181211101443728_small.jpg

Алматыдағы «Сайран» автовобекетінің вокзал аумағы кеңейіп, жаңа мұз айдыны пайда болады. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев мәлімдеді.  

Оның мәліметінше, сауда саттыққа арналған 100 нысан мен 20 кафе - 120 конструкция бұзылған, ал сол жердегі аумақ абаттандырылды.

«Ендігіде автовокзал әлдеқайда өзгере түсті, оның алдыңғы жағы ашылды, мұнда үш тілде нұсқаулықтар, паркоматтар, бейнебақылау камералары, фастфуд, Wi-Fi-зоналар, мұз айдыны, заманауи таксамоторлық тұрақтар және билет сататын терминалдар пайда болады», - деді Өскенбаев.  

Сонымен қатар, көлік логистикасы, вокзал маңы кеңейеді және жаяу жүргіншілер зонасы пайда болады. Туристтік автобустар үшін тұрақтар, субұрқақтар, тұрақтар және жасыл аймақтар пайда болады.

Связанные Статьи