Қостанайда Лениннің тас мүсінін жарып жібермек болған

/uploads/thumbnail/20170708175300692_small.jpg

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын ауылында белгісіз біреулер Лениннің ескерткішір жарып жібермекші болған. Бұл туралы "Қамшы" порталы kstnews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі аталмыш ақпаратты растаған. Оқиға 22 сәуір күні таңғы 09:00 шамасында орын алған. Ауыл орталығында орналасқан Лениннің ескерткіш мүсініне белгісіз адамдар көлік дөңгелегі мен басқа да жанғыз заттарды үйіп, өрт қойған. Артынан 40 литрлік газ баллонын тастаған.

Ескерткіштің өртеніп жатқанын көрген куәгерлер жедел өрт сөндірушілерге хабарласқан.

Оқиға орнына келген Әулиекөл аудандық өрт сөндіру қызметі мамандары өртті ауыздықтаған. Сондай-ақ, дәл сол күні жауын жауып тұрған. Бұл да өртті ауыздықтауға сепші болған.

"Аталмыш оқиғаға қатысты күдіктілер іздестірілуде. Іс Әулиекөл аудандық құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырылған. Лениннің тас мүсініне өрт қойған азаматтардың есімі көрсетілмеген",-делінген ақпаратта.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи