Жанар Дұғалова өзіне жеңіс сыйлаған әнге клип түсіруде

/uploads/thumbnail/20170708175308146_small.jpg

“Shine production” продюсерлік орталығы үшін биылғы жыл бейнеклип түсірумен басталды.

Бұған дейін Баян Есентаева бастаған топ “KeshYou”, “Лашын” топтарына, Кәмшат Жолдыбаева мен Ерке Есмаханға сужаңа видео түсіру үшін Үндістанға барып қайтқан еді. Енді кезек Жанар Дұғаловаға келіпті. “Turkvision-2014″ байқауында Қазақстанның намысын қорғаған Жанар жаңа бейнебаянының түсіріліміне кірісті. Орындаушыға жеңіс сыйлаған әнді өзі, ал мәтінін Ринат Зайытов жазған болатын. Қазақ даналарына арналған “Ізін көрем” әнін Нұржан Тәжікенов домбырамен сүйемелдеген-ді. Бейнебаян Мәскеуде түсіріліп жатыр. Режиссері қазақстандық және ресейлік шоу-бизнес өкілдерінімен бірлесе жұмыс жасаған — Алексей Голубев. Оның бейнебаяндардан бөлек, кинокартиналар мен шоу-бағдарламаларға қосқан үлесі мол. Жаңа клип жайлы білу үшін Жанардың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденоваға хабарластық. “Түсірілім жұмыстары бүгін басталды. Ал, тұсаукесерінің нақты қай күні болатынын әзірге айта алмаймын”,- дейді ол. Клипте Жанармен бірге Нұржан Тәжікенов те төбе көрсетеді.

Связанные Статьи