Бүгін күндізгі 14:05 шамасында Көкшетаудың орталығындағы Горький мен Әуезов көшеслерінің қиылысында “Мазда 626″ көлігі отқа оранды.
Ағыл-тегіл көліктердің ортасында қызыл жалынға оранған автомобиль жанына бірталай адам жиналып, от сөндіргіш құралдарымен көмекке ұмтылғандары да болды. Абырой болғанда зардап шеккен жан жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.