Ринат Зайытов айтысқа қайта оралмақшы

/uploads/thumbnail/20170708175315596_small.jpg

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов айтысқа қайта оралады.

Сайтқа берген сұхбатында сахнадан алыстап кеткен ақын қазір немен айналысып жүргенін, жуырда қайтадан айтысқа оралатыны жайлы айтты. “Айтыстан қол үзгенім жоқ, қатысамын. Қарағандыда Сәкен Сейфуллин атамыздың үлкен тойына айтыс болғалы жатыр. Алда Жеңіске 70 жылдығына Қызылорда қаласында айтыс өтеді, 30 мамырда өзімнің ағам, рухани ұстазым Оразалы Досбосыновты еске алу айтысы өтеді. Үшеуіне де қатысамын”, – деді Ринат Зайытов сұхбатында. Айтыскер ақын сондай-ақ “Хабар” арнасы көрсеткен шоу-айтыс туралы да ойын білдірді. “Әншілермен болған айтыс дейді. Әлі талай дүние болады. Бәрі жабылып қазақтың өнерін өлтірудің жолында өте жақсы жұмыс жасап жатыр. Қазір айтысқа бұрынғыдай көрермендер көп келмейді. Демек, оларға айтыс қажет емес. Ал, теріс әсер, жиркенішті тудырған кім? “Нұр Отан” шығып тудырған жоқ, оны ақындар тудырды, яғни біз, оның ішінде мен де бармын. Талай келісіп айтыстық. Бірақ, әр нәрсенің шегі болуы керек”, – деді Ринат.

Связанные Статьи