Алматы полициясы департаменті үш адам қайтыс болған жол апатына кінәлі Mercedes Gelandewagen жүргізушісінің ұсталғанын мәлімдеді. Қайтыс болған жолаушылардың ішінде кино және театр актрисасы Шолпан Елгезекова да бар еді.
Тағы бір жолаушы жансақтау бөлімінде. Ол да елге танымал актриса – Айзада Сатыбалдиева.
«Жүргізуші ұсталды. Тергеу изоляторына жіберілді», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұған қоса полицияның хабарлауынша, жүргізушіге екі түрлі айыппен күдікті саналып отыр. ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөліміне сәйкес (Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соқтыратын әрекет) әрі 347-бапқа сәйкес (Жол-көлік оқиғасы орнынан тайып тұру) айыпталды.
♦Шолпан Елгезекова қайтыс болған жол апатының видеосы пайда болды
Бұдан бөлек апаттан үш адамның қайтыс болғаны анықталды. Бірі - Mercedes Gelandewagen көлігі соққан Mitsubishi Galant жүргізушісі, қалған екеуі сол көлікте отырған жолаушылар. Тағы бір жолаушы ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі ауыр халде жатқан Айзада Сатыбалдиеваның туысы Қанағат Әбілқайырмен тілдесті.
Әйелдің жұбайы, ақын Бақыт Беделхан ауруханада, әйелінің жанында көрінеді. Ал Қанағат Әбілқайыр жеңгесінің тез сауығып кетуін әрі жол апатына кінәлі адамның қатаң жазалануын талап етіп отыр.
Оставить комментарий