Хабиб Нұрмағамедовтың ұтысын ақтөбелік қыз жеңіп алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бірнеше күн бұрын UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов Instagram әлеуметтік желісі арқылы өзінің жазылушыларының арасында бәйге ұйымдастырған болатын. Басты сыйлық автокөлік еді. Кеше бәйгенің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар анықталды. Аталмыш сыйлықты ақтөбелік Сәуле Болатова есімді қыз жеңіп алды. Қазақстандық қызға көлікті Хабиб Нұрмағамедов Мәскеу қаласында өз қолымен табыстайтын болады.
Оставить комментарий