Қостанайда жоғалып кеткен 24 жастағы қыз табылды

/uploads/thumbnail/20190106112719458_small.jpg

1 қаңтар, дәл туған күнінде жоғалып кеткен Александра Тритенкова аман-есен табылды деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаменті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтының дерегін негізге ала отырып жазды. 

Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 24 жастағы Тритенковамен хабарласа алмаған туыстары полицияға хабар берген еді. 

Бойжеткен 1 қаңтарда үйінен шығып, қайта оралмаған. Ал полицейлер оны танысының үйінен тапқан. Қазір Александраның жағдайы жақсы.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи