Танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV телеарнасында болатын «Супер дауыс» музыкалық шоуында қазылық етеді. Бұл жаңалығымен ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
«Хунан ТВ телеарнасындағы «Супер дауыс» (Супер голос) жаңа мегажобасының финалдық түсіріліміне жиналудамыз. Онда білімді вокал шеберлері бақ сынайды. Мен әділқазылар құрамындамын. Барлық қатысушыларға сәттілік», - деп жазды әнші.
Оставить комментарий