Мамырдың басында Мәсіміов басшылық ететін Үкімет отставкаға кетуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708175422452_small.jpg

10 мыңнан астам отандық және 1000-нан астам шет елдік байқаушылар бақылаған Қазақстандағы Президет сайлауында қазіргі елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы айқын басымдықпен жеңіп шыққаны туралы жазған болатынбыз. Бұл жолғы сайлау барысында біз, қазақстандықтар бұрын соңды болмаған белсенділік танытып, сайлауда дауыс берушілер саны бойынша сенсациялық көрсеткішті көрсеттік. Елбасы - жеңіске жетті. Ендігі кезекте жаңа сайланған президенттің иннаугурациясын күту қалды. Кейбір дереккөздерінің айтуынша, Президенттің иннаугурациясы 2015 жылдың 1 мамыр күні өтеді деп жоспарланған. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 70 бабында көрсетілгендей, бұрынғы Үкіметі жаңа сайланған Президенттің алдында өзінің барлық құқықтық лауазымын тапсыруы тиіс. Яғни, Конституцияға сәйкес, Қазақстанда 1 мамырда Кәрім Қажымұқанұлы Мәсімов мырза басшылық ететін Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Содан кейін, саяси партиялар фракциясымен кеңескеннен кейін жаңа президент, жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын Мәжілістің талқысына жібереді. Мәжіліс депутаттары кандидатураны мақұлдаған жағдайда, Президент оны жаңа қызметке тағайындайды. Жаңа тағайындалған Премьер-министр он жұмыс күнінің ішінде Үкімет мүшелерін жасақтау туралы структурасын Президентке ұсынуы керек. Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи