Алтынай Жорабаева президентті сынағандарды қара тізімге жіберетінін мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170708175429329_small.jpg
Танымал әнші Алтынай Жорабаева Нұрсұлтан Назарбаевты дүниежүзіндегі ең мықты саясаткер деп атай отырып, елбасына тіл тигізгендерді қара тізімге жіберетінін айтты. Бұл жазбасын ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған. «Елбасына қарсы пікір жазғандарды қара тізімге жіберемін. Патшаны да Аллаһ таңдайды, біз тек себепшіміз. Керемет сын айтқыштарға айтарым,  егер сіз керемет болсаңыз неге елбасының орнында емессіз? Одан да, басқа елдерге қарап шүкір дейік. Патшамызға ұзақ ғұмыр, денсаулық берсін», – деп жазады Алтынай Жорабаева өз парақшасында.

Связанные Статьи