Н.Назарбаев: Биыл Қазақстан ДСҰ-ға мүше болып кіреді

/uploads/thumbnail/20170708175436976_small.jpg

Қазақстан 2015 жылы, яғни биыл  Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіретін болады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды ИА «Новости-Казахстан».

"Биылғы жылы біз ДСҰ-ға мүше болуды көздеп отырмыз",-деді Назарбаев.

Осының алдында бірқатар қазақстандық экономистер мен мүдделі орган өкілдері 2015 жылдың мамыр-маусым айларында Қазақстан ДСҰ-ға мүше болуы мүмкін деген жорамалдар келтірген болатын.

Президент Назарбайевтың мәлімдемесінде айтылғандай, ДСҰ-ға мүше болып кіру үшін жүргізіліп жатқан келіссөздер аяғына жетіп қалған. Келіссөздердің ең негізгі кезеңі  2014 жылы ДСҰ-ға қабылдауда жауапты рөл атқарушы, Еуропа одағының ең беделді мүшесімен өткен екі жақты келіссөздердің сәтті аяқталғаны болған. Сонымен қатар, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуына АҚШ-тың сенімділік білдіруі болып отыр.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи