Жаңаөзенде 13 қаңтардың кешінде Toyota Cаmry автокөлігі өртеніп, кейін жарылып кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лада сайтының дерегін негізге алып. Төтенше жаңдайға байланысты Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Зардап шеккен адамның қолдарының білезігі мен бетін күйік шалған. Оның жағдайы тұрақты, Жаңаөзен қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр", – деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.