Министр Абаев: Мен интернетке кіргенде ешқандай мәселе болмайды

/uploads/thumbnail/20190115135643946_small.jpg

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа журналистер Қазақстандағы интернет сапасына қатысты, не себепті күніге кешке интернетке кіру қолжетімсіз болатыны жайында сұрақ қойды. Министр, өз кезегінде, «мен интернетке кіргенде ешқандай мәселе туындамайды» - деп жауап беріпті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап.

«Интернет үнемі істемей қалады деген - жалған ақпарат. Білуімше, анда-санда техникалық келеңсіздіктер туындап жатады. Бұл мәселе төңірегінде бірнеше рет пікір айтқан болатынбыз, біздің тарапымыздан ешқандай да техникалық қателіктер жіберілмейді», - дейді министр.

Оның айтуынша, министрлік жеке өңірлерде, қалаларда, әр операторда байланыс сапасын бақылап отырады.

«Әрбір жағдайға назар аударып, мәселені шешу керек, сіздер не себепті интернетке шығу үшін ІР құрылғыларыңызды ауыстырасыздар? Интернет жоқ па? Күніге істемей қала бере ма? Мен бұмен келіспеймін, ия, ара-тұра техникалық мәселелерден келеңсіздіктер туындап қалатын шығар, бірақ күніге интернетте мәселе болмайды.

Біз Қазақстанда интернет пен интернет-ресурстардың қызметіне қандай да бір техникалық кедергілер жасамаймыз», - деп айтып өтті министр Абаев.

Тілшілер «Өзіңіз интернетке кешкі уақытта кіресіз бе?» деген сұрағына Дәурен Абаев былай деп жауап берді:

«Күніге кешке кіремін деп айтпаймын, кейде кіремін, нақты бір графигім жоқ. Алайда мен интернетке кіргенде ешқандай да мәселе болмады».

Министр бұл мәселе жөнінде байланыс операторларына жүгінуге кеңес берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи