"Атам-айлатып жылатса да, ботам-айлатып жылатпасын..."

/uploads/thumbnail/20190118151414108_small.jpg

Бүкіл жұртшылықтың қабырғасын қайыстырған тағы бір қайғылы жағдай - елімізге белгілі заңгер Абзал Құспанның 5 жасар қызы көз жұмды. Бүлдіршін осы уақытқа дейін Ыстамбұл қаласында емделіп, бірнеше күн бұрын оған ота жасалғаны белгілі. Барша қазақ елеңдеп, жақсы хабар күткен еді, амал нешік... Қазалы жағдайға байланысты Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы Абзал Құспанға қайғыра көңіл айтады.

"Белгілі заңгер, елімізде құқықтық қоғам құруымызға үлкен үлес қосып жүрген қоғам қайраткері, жер туралы заң жобасының кемелденуіне, өзге де көптеген өзекті мәселелердің оңтайлы шешім табуына, әсіресе қандастарымыздың заңдық, құжаттық, әлеуметтік мәселесінде аянбай атсалысып келе жатқан ұлт жанашыры Абзал Құспанның қызы Айғанымның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Халқымыздың, "атам-айлатып жылатса да, ботам-айлатып жылатпасын" деген аталы сөзі бар. Тағдырдың салған салмағын қайыспай көтеретініңе сенеміз. Әрине, тас түскен жеріне ауыр, мезгілсіз ұшқан періштең шапағатшың болсын, жаратушы иеміз бергенін алса да, берерін алмасын, бекем бол, Абзал Темірғалиұлы" - делінген хабарламада.

Оставить комментарий

Связанные Статьи