Барша халықтың қабырғасын қайыстырған қазалы оқиға – үш адамның өмірін қиған жол апаты. Өткен жылдың 29 желтоқсанында болған апатта көз жұмған актриса Шолпан Елгезекова «Жүрек сыры» атты телехикаяда соңғы рөлін ойнапты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, аталмыш телехикая 28 қаңтардан бастап Астана арнасынан көрсетілмек екен. Бұл жайында тілші Ришат Асқарбекұлы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Шолпан Елгезекованың руxына арналады... Шолпанның қысқа ғұмырындағы ең соңғы ойнаған рөлі де осы "Жүрек сыры" телеxикаясы еді. Оның сюжеті бойынша, бас кейіпкер соңында туған қызына жүрегін береді. Өзі өмірмен қоштасады... Астана телеарнасында телеxикая 28 қаңтардан бастап қайта көрсетілмек», - деп жазады тілші.
Дайындаған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий