Қазақтың 5 жасар баласы ХОК президентімен "семсерлесті"

/uploads/thumbnail/20190124160738247_small.jpg

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті қазақтың бас жасар баласына ақ батасын берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Abctv.kz сайтына сілтеме жасап.

Швейцарияда өтіп жатқан Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 82-інші Конгресінде қызықты оқиға болды. Лозаннаға AIPS Sports Media Awards бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттауға келген ХОК президенті Томас Бах қазақтың бес жасар баласымен «семсерлесті»...

ХОК

2014 жылы қазан айында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах ресми сапармен Алматыға келген болатын. Сонда Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының президенті Ілияс Омаров бір жастан асқан ұлы Әлтайырды ертіп барып, қазақы дәстүрмен тұсауын Бахқа кестірген еді.

ХОК

Қазір Ілияс Омаров Ослода тұрады. Жұмыс барысымен Норвегияға ауысқан. Томас Бахтың AIPS Конгресіне келетінін естіп, Әлтайырды тағы ертіп барды. Себебі ұлы семсерлеу спортына қатысады. Ал Томас Бах – жәй ғана басшы емес, бұрынғы спортшы. Спорттың осы түрінен 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасының чемпионы. 1977 жылғы әлем чемпионы.

Томас Бах қазақ баласының тұсауын кескенін ұмытпапты. Жымия күліп, есіне алды. Әрі қолына рапира ұстап, семсерлесу спортымен айналысып жүрген Әлтайырға ақ батасын берді. Тіпті семсерлесу спортының терминдерін айтып, Әлтайырдың әр түрлі әдістерді орындауын өтінді...

ХОК

Өзі оның рапирасын денесіне тигізбей, жалтарып отырды. «Сыры кетсе де, сыны кетпеген» қас шебер екендігін көрсетті. Содан соң Әлтайырға игі тілектерін айтып, арқасынан қақты. Ал Ілияс Халықаралық Олимпиада комитеті президентінің иығына қазақтың оюлы шапанын жауып, сый-құрмет көрсетті. 

ХОК

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтан бата алған қазақ баласы кішкентай болса да, өзіне үлкен сенім артылғандығын сезетін сияқты. ХОК президентінің ақ батасы оның танымал спортшы болуына ықпал етіп, бағын ашса, нұр үстіне нұр емес пе? Семсерлесу спортынан қазақтан да Олимпиада чемпионы шығуына тілектеспіз... 

Маруан Түсіп

Оставить комментарий

Связанные Статьи