Жастар жылы қоғамда жастардың ауызбіршілігі мен ынтымағын еселеп арттыра түспек

/uploads/thumbnail/20190129153817450_small.jpg

Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаны олардың жан-дүниесінде рухани сілкініс тудырды. Биылғы Жастар жылы қоғамда олардың ауызбіршілігі мен ынтымағын еселеп арттыра түсетіні анық. Қазіргі кезде жастарға көп көңіл бөлінеді, көп көмек көрсетіледі. Студенттерге жатақханалардың салынуы, жастардың жұмыссыздық мәселесін шешуге байланысты іргелі іс-шаралардың өткізілуі сөзімізге нақты дәлел бола алады. Жастарға жасалып жатқан жағдайлардың барлығы олардың жаңа жетістікке жетуіне жаңа жол ашады.

Мұның барлығы бізге берілген үлкен мүмкіндіктердің бастамасы іспетті. Елбасының әрқашан жастарға қамқорлықпен қарап, оларды қолдауы жас ұрпақты ұлы мақсаттарға жетелейді. Егемен еліміздің болашағы - жастардың қолында. Қазіргі ақылды технологиялар заманында тың ойлар білімімен биіктерді бағындырып жүрген жастардан шығып жатыр.

Сондықтан Жастар жылында жас ұрпаққа жан-жақты қолдау жасалып, көмек көрсетілу қажет. Қазақ халқында «Жас келсе, іске» деген даналық бар. Мен қазір бастауыш сыныпта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алып жүрмін. Болашақта ұлағатты ұстаздар қатарына қосылып, туған еліме қызмет еткім келеді.

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» демекші, 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін балаларды оқытып, білімге баулып, туған елін сүйетін, туған жерін гүлдендіретін, елінің ертеңін ойлайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге өзімнің үлесімді қосқым келеді.

Аяулым Манақбай

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің

1-курс студенті

Связанные Статьи