Қарағанды облысының Нұра ауданына жаңа әкім тағайындалды

/uploads/thumbnail/20190202103414766_small.jpg

Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімі болып Есет Байкен тағайындалды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есет Берікұлы 1986 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының Баршын ауылында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. 2010 жылы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. Экономика бакалавры, құқықтану бакалавры..
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші, сонан соң бас маман ретінде бастаған.

Есет Байкен

2010 жылдан бері – «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы.

2013 жылы Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің жетекшісі болып тағайындалды.

2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің Секретариат сарапшысы болды.

2017 жылдан бастап Нұра ауданы әкімі лауазымына тағайындалғанша ҚР Президенті Аппаратының Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. 

Ұсынған: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи