"Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін беруді жоспарлап жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистермен болған кездесуде мәлімдеді" - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Министр концерттің өтетін күні америкалықтармен жүргізілетін келіссөзден кейін белгілі болатынын айтты.
– Біз қазір Димаштың жеке концертінің жобасын әзірлеудеміз. Бұл жолғы өтетін шоудың ауқымы кең болғанын қалаймыз. Нью-Йорк шаһарының ең үлкен кешендерінің бірінде, бәлкім «Мэдисон-сквер-гарден» залында өткіземіз, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Министр сондай-ақ, келіссөздердің оңай болмайтынын ескертті. Ең бастысы, Димаштың үлкен концерт өткізуге ниеті бар. Жобамен 15 мың көрерменге, әйгілі орындаушылардан кем түспейтін шоу жасасау жоспарда тұр.
Ал наурыз айының 22-23 күндері Димаш Мәскеуде жеке концертін өткізеді.
А.Ахметқазы
Оставить комментарий