Елімізге белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы Астана қаласында орын алған қазалы оқиғаға қатысты митингіге шақырған болатын. Алайда, журналистің айтуынша, митингі Алматы қаласы әкімдігінің рұқсатымен белгіленетін болыпты. Митинг қай күні өтетіні әлі белгісіз, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Достар!
Заң бойынша, Алматы қалалық әкімдігі Ішкі саясат басқармасына митинг өткізу туралы алдын ала арыз беруіміз керек екен.
Ішкі саясат басқармасының өкілдері мені шақырып, бір сағат бойы айтысып, ақырында митингке рұқсат сұрап ресми арыз жазып қалдырдым.
Арыз 10 күннің ішінде қарастырылады екен, рұқсат береді деп ойлаймын.
Бұл кісілердің уәдесі бойынша, Ана мен Бала әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын заңды түрде, конструктивті қарастыратын жұмыс тобын құру туралы ұсынысымды қарайтын болды.
Сондықтан ертеңгі митингінің уақытын әкімшілік рұқсат берген уақытқа ауыстырамыз.
Әкімшілік рұқсат береді деп сеніммен үйге қайтып барамын" - деп жазады Сәуле Әбілдаханқызы.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий