Павлодар облысында бүтіндей бір отбасы ыстан уланып қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20190207103126341_small.jpg

Павлодар облысында тағы бір отбасы түгелдей ыстан уланып қайтыс болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы – әкесі, анасы және екі баласы ыстан уланып көз жұмды. Қайғылы хабар төтенше жағдайлар департаментіне кешкі 21:30-да келіп түскен. Белгілі болғандай, анасының аяғы ауыр, ішіндегі баласы 5 айлық болыпты.

«06.02.2019 жылы сағат 21:30-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының әкімдігінен Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. 14 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде 4 адамның мәйіті табылыпты. Олар: Бекболатов Рустам – 1979 жылғы, Бекбатырова Наталья – 1980 жылғы, Бекбатырова Динара – 2004 жылғы, Бекбатыров Дамир – 2007 жылғы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Наталья жүктіліктің 5 айында болған. Әкесі мен анасы уақытша жұмыссыз жүріпті. Ауыл әкімі М.А.Мұқановтың айтуынша, отбасы түтіннен уланып қаза тапқан. Оқиға орнында жауапты мекеменің қызметкерлері және кезекші прокурор тексеріс жұмыстарын жүргізуде», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Деректерге сәйкес, олардың 17, 18 жаста тағы екі қыздары бар екен. Олар аудан орталығында оқитындықтан үйлерінде болмаған.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи