Жыны басылған Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерден кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы вице-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мен журналистерге айтқан сөзім үшін қатты өкінемін. Менің журналистерге айтқан сөзімнің дұрыс емес екенін мойындаймын. Сол себепті ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Сондай-ақ мен сол кезде айтқанымдай журналистердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайынмын", - деп жазылған хабарламада.
♦Журналиске ашуланған вице-министр: Жынымды келтірмеңізші, блин! (видео)
Еске салсақ, Серік Жұманғарин журналистердің қойған сұрағына қабағын шытып "жыныма тимеңдерші, блин", деп айтқан. Аталмыш сәт видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий