Ауған соғысының ардагері, жауынгерлер арасында «Қара майор» атанған, Қазақстан Қарулы Күштерінің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Офицерлер үйінде өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Марқұммен қош айтысуға оның достары, әскерилер, әріптестері келді. Одан соң 28 Панфиловшылар паркіндегі Ауған соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңында митинг өтті.
Естеріңізге сала кетйік, аты аңызға айналған қара майордың 71 жасына қараған шағында көз жұмғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз.
Оставить комментарий