Қазақстанда Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Тиісті жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын", - делінген жарлықта.
Мемлекет басшысының жарлығымен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.
Оған ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий