Гүлшара Әбдіқалықова Премьер-министрдің орынбасары болды

/uploads/thumbnail/20190225181430800_small.jpg

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Гүлшара Әбдіқалықованың кандидатурасы келісілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Қазақстан Премьер-Министрінің атынан кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырып, Г. Әбдіқалықованың мол тәжірибесі мен жоғары кәсібилігін атап өтті. 

Талқылаудан кейін Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының кандидатурасын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді.

Отырыс соңында депутаттар кандидаттың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи