Қарағандыда ауруханадан өрт шықты

/uploads/thumbnail/20190226092309702_small.jpg

Қарағандыдағы орталық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінен  үлкен өрт болды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Алдымен медбикелер бөлмесіндегі тұрмыстық заттар мен ағаш қабырға жана бастаған. Құтқару барысында 22 науқас аурухананың негізгі бөліміне көшірілген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлап өтті.

Өртті сөндіру бір сағаттай уақытқа созылған. Құтқару барысында 50 өрт сөндіру қызметкері көмек көрсеткен. Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи